Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 142 адам жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылдың 13 қазан 2021 10:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1394 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 269 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 254, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 163, келіп түскені – 124

«Инфекциялық стационарларда 1 394 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 54 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 142 адам жатыр.

Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 73 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 32 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 049 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2913 науқас. 136 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай