Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда коронавирус жұқтырған 113 бала ауруханада жатыр

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 12:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 739 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1115 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 37, келіп түскені – 193

«Инфекциялық стационарларда 739 адам бар. (Төсек-орын 1348 ). Оның ішінде 113 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 39 адам жатыр.

Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 12 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 10 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 765 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2594 науқас. 171 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай