Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болған ер адам құтқарылды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 10:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар полицияға «Көкмайса» ықшамауданындағы үйлердің бірінің шатырының шетінде отырған ер адам туралы хабар берген.

«Азаматтар маған жүгінгенде мен әкімшілік бөлімімде стационарлық полиция постында отырдым. Көрсетілген үйге тез жүгіріп бардым, сондай-ақ патрульдік полициядағы әріптестерімнен көмек сұрадым. Мен ер адаммен сөйлесіп, асығыс әрекет жасамауға көндіріп жатқанда патрульдік полицейлер төбеге көтерілді», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Нұрлан Қонысов.

Патрульдік полиция инспекторы Абылайхан Оқасовтың айтуынша, оқиға орнына бірнеше минутта жеткен.

«Біз оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеттік. Қай жағынан ешкімге білдірмей шатырға шығуға болатынын жергілікті тұрғындар көрсетті. Әріптесіміз екеуміз жасырын түрде десе де болады, шетіне қарай өрмелеп бардықта ер адамды сол жерден түсірдік», – деді учаскелік инспектор Абылайхан Оқасов.

Өзіне қол жұмсамақ болған адам – Шығыс Қазақстанның тумасы.

Ол күйзеліске ұшырап, суицидке бару туралы шешім қабылдаған.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай