Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 15:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 15:09 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар 4-қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, автоматты көп иінді өрт сөндіру көтергіш жұмылдырылды»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жағдай алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды.

«Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, көше толық жабылды»,- деп нақтылады ведомствадан.








Жоғары қарай