Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 16:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, қарт әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 18 қаңтарда, сағат 12.25-те Алматы қалалық ТЖД кезекші «101» пультіне Айнабұлақ-3 шағын ауданындағы № 156 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

« Өрт сөндіру бригадасы келген кезде бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезелерінен қара қалың түтін шығып жатты. 4-ші және 5-ші қабаттардың баспалдақтарын қою түтін басты. Адамдарды іздеу және тілсіз жауды ауыздықтау үшін газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Тексеру барысында № 12 өрт сөндіру бөлімінің күзет басшысы Ердос Бекпашаев баспалдақтардың арасында әлсіреп жатқан 71 жастағы зейнеткерді құтқарды», -деп хабарлайды ТЖД.




Қолға алынған шаралардың арқасында өрт 14 минутта толықтай сөндірілді.

Қызыл жалын 48 шаршы метр жерді шарпыған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай