Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды

2020 жылдың 3 шілде 2020 18:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері қыз үшін өмірімен қоштаспақ болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы көпірден секірмек болған.

«Халиуллин көшесімен оңтүстікке келе жатқанда Құлжа тас жолы көпірінде бір жігіттің секірейін деп тұрғанын көрдік. Менің әріптесім Жандос Дүйсенбеков бірден жігіттің қасына барып уақытты созуға тырысты. Мен екінші жағынан бардым. Бұл жігіт сүйген қызымен ұрысып қалып, күйзеліске түскен екен. Біз екеуміз әңгімемен назарын бұрып жатқан кезде өтіп бара жатқан автомобиль жүргізушілерінің бірі арт жағынан келіп қапсыра құшақтап ары тартып кетті. Жүргізушіге көп рахмет айтамыз. Ол біз сөйлесіп жатқанда сыртымыздан бақылап тұрды. Кейін көмек керек екенін түсінгенде бізбен ымдаса отырып, арт жағынан алып кетті», - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальон инспектор Ермек Меңғалиев.

Күйзеліске түскен жігіт қазір дін аман. Мән-жайды түгел түсіндіріп айтып берді. Оған психологиялық көмек көрсетілді.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай