Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көліктің төбесінде отырған қыздар: Жүргізуші жауапқа тартылады

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 20:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жүріп бара жатқан көліктің төбесінде отырған қыздар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбаға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті түсінік берді.

Әлеуметтік желіде қыздардың жүріп бара жатқан көліктің төбесіне отырып алған видеосы тарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің жүргізушісі адамдарды салонның сыртына отырғызып тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

«Мемлекеттік нөмірі 423 ADV 02 «Subaru Legacy» автокөлігін басқарған ер адамның кім екені анықталды. Ол - 1996 жылы туған Мешітхан Т. есімді азамат. Ол ҚР ҚК 593 -бабының бірінші бөлігінде көзделген жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жауапқа тартылады. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды», - деп жазды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Көлік,
Жоғары қарай