Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда көлік қаққан 56 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды

2019 жылдың 26 қазан 2019 18:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көшеден өтіп бара жатқан әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жол апаты бүгін таңертең Алматының Алатау ауданында болған. 1963 жылы туған Н. атты әйелді «Мерседес» көлігі қағып кетті. Ол «Шаңырақ» шағынауданында Жанқожа батыр көшесін рұқсат етілмеген тұстан қиып өтіп бара жатқан. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

«Аталмыш дерек негізінде ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғалды. 24 жастағы автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды» делінген хабарламада.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай