Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көлік қаққан 26 жастағы жігіт көз жұмды

2021 жылдың 13 қазан 2021 12:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталық көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 12 қазанда кешкі сағат 21:40-та әл-Фараби даңғылында болды.

«Peugeut 308» көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатып, Мендіқұлов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші қағып кетті. Белгілі болғанындай, ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған. Жол апаты салдарынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай