Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады

2021 жылдың 28 шілде 2021 19:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сот шешімімен Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы Горная көшесіндегі, Горновосточная көшесінің шығысындағы автотұрақ иесінің жерді уақытша ақылы пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлады.

«Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жерді пайдаланушы жер қатынастары басқармасына оны ұзартуға өтініш берді. Бірақ мемлекеттік мекеме оның берген өтінішінен бас тартты. ЖҚБ-дан тиісті хабарламаны алып, біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз бердік. Сот шешімімен бүгінгі таңда автотұрақты бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыре», – деп түсіндірді ведомство.

Айта кетейік, бұрынғы автотұрақ шамамен мемлекеттік жердің 1,3 гектар аумағын алған болатын.


Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Жоғары қарай