Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 12:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 қыркүйектен бастап Алматы қаласының қоғамдық көлігі 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады Алматы көлік холдингі.

Бұған дейін, қаладағы қоғамдық көліктер таңғы 6:00–ден кешкі 22:00– ге дейін жүрген болатын. Осылайша, жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылды.

Айта кетейік, қыркүйек айының басынан бастап тұрғындардың өтініші бойынша, Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істей бастады.
Жоғары қарай