Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қоғамдық көлікте маска тақпағандарға айыппұл салынды

2021 жылдың 11 тамыз 2021 18:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзғаны үшін 22 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологтардың мәліметінше, қоғамдық көлік – инфекцияны жұқтыратын негізгі бестіктің бірі (жұқтыру 16,8%).

Сондықтан Алматы қаласы аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторинг топтары маска режимінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бір тәулікте 112 автобус пен троллейбус тексерілді. Бұзушылықтар мына автобустарда анықталды: №1, 98, 32, 123, 79, 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5В, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210, 45, 18. Маска режимін бұзған 22 жеке тұлғаға айыппұл салынды, барлық жолаушылар ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандар коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Алматы тұрғындарын халық көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте қауіпсіздік шараларын, маска режимін сақтауға шақырды.

Қоғамдық көліктен басқа, мониторинг топтардың өкілдері қоғамдық тамақтану, дүкендер мен басқа да адамдар көп жиналатын нысандарды тексеруді жалғастырып жатыр.

Мобильді топтардың мәліметі бойынша жыл басынан бері 1150-ден астам мейрамхана, кафе мен дүкенде, 171 компьютерлік клубта, 21 бильярд клубында, 5 спа-салонында, 31 саунада, 2 кальян залында, 54 караокеде карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. Белгіленген шектеулерді бұзған 3300-ден астам адам полицияға жеткізілді.


Жоғары қарай