Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда қоғамдық көлікте маска тағу режимін камера бақылайтын болады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 23:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы автобустарында маска режимін сақтауды камера бақылайды. Осындай пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пилоттық жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Автобустарда маска режимін қадағалайтын камераларды іске қостық. Құрылғы адамдардың маска таққан, тақпағанын түсіреді. Содан кейін бұл деректер ахуалдық орталыққа, диспетчерлік пультке түседі. Сол жерден автобус жүргізушісіне хабарлама келеді. Жүргізуші автобусты тоқтатып салондағы жолаушыға маска тағуын немесе автобустан түсуін талап ете алады»,– дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі басшысы тұрғындарды маска тағып жүруге шақырды
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, Медицина, Алматы,
Жоғары қарай