Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 41 адам жауапқа тартылды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 17:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 41 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда қоғамдық көліктерде үшінші апта маска режимінің сақталуы тексеріліп жатыр. Мониторинг топтары бақылауды күшейтті. Сонымен қатар, ықтимал жұқтыру орындарының арасында СОСО мен базарлар да бар», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

12 және 13 тамыз күні мониторинг тобы 163 автобусты тексерді. Қаланың қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамағаны үшін 41 жолаушыға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салайық, Алматы «қызыл» аймақта. 15 тамыз күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын 1 503 адам жұқтырды. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 419, симптомсыз – 84 науқас тіркелді.


Жоғары қарай