Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда киберспортшылар үшін «Aр Намыс» клубы ашылды

2021 жылдың 31 желтоқсан 2021 14:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда киберспортшылар үшін «Aр Намыс» клубы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық креативті индустрия басқармасының «Aр Намыс» клубы ашылды.

Іс-шара барысында Еуропа және әлем чемпионаттарында еліміздің атынан шығатын танымал киберспортшылардан тұратын команданың бірінші құрамы таныстырылды.

Команданың барлық қатысушыларымен кәсіби келісімшартқа қол қойылды және оларға ең заманауи гаджеттер берілді.

2018 жылдан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылғаны белгілі.

«Алға қойған үлкен мақсаттарымыз бар. Халықаралық турнирлерде ең жоғары орындарға ие болу үшін бар күшімізді саламыз. Біздің командамыз үздік ойыншылардан тұрады», - деді жаңа команданың негізін қалаушылардың бірі Қайрат Құдайберген.




Алматы қаласы әкімінің креативті экономика жөніндегі кеңесшісі Эрнар Құрмашевтың айтуынша киберспорт бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді.

«Біздің міндетіміз - халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жастарымызды қолдау және әлемдік киберспорт картасынан өз орнын алу. Осы мақсатта біз киберспортты перспективалы индустриялардың бірі ретінде Алматының креативті экономикасын дамыту стратегиясына енгіздік. Киберспортқа жүйелі қолдау көрсету және түрлі турнирлерді ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл да Алматыны жастардың креативті қаласы ретінде дәріптейді», - деді Эрнар Құрмашев.




Айта кетерлігі, «Алматы-2050» даму Стратегиясына сәйкес қала экономикасында креативті экономиканы дамыту бағытында құрылымдық маневрді жүзеге асыру жоспарланған.

Мегаполис стандартты емес ойлау қабілеті бар креативті, талантты және бірегей адамдардға үнемі қолдау көрсететіні, ал заманауи цифрлық құралдардың болуы қала экономикасының өсу серпінін арттыратыны атап өтілді.


Жоғары қарай