Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда кәсіпорындардың бірінде өрт тұтанып, жарылыс болды

2020 жылдың 26 мамыр 2020 07:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кәсіпорындардың бірінде өрт тұтанып, жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әуезов ауданы Мұстай Кәрім, 1 б/3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен құралдары жоғары деңгей бойынша жұмыс атқаруда. Алдын ала мәліметке сәйкес, жиһаз құрастыратын цех өртеніп жатыр. Жарылыс болды. Себептері анықталуда», - деді Алматы қалалық ТЖД-дан.

Кейін жалынның таралуы тоқтатылғаны туралы мәлім етілді.


Жоғары қарай