Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда кәсібін жаңа бастағандарды қаржыландыру мәселесі қалай шешіледі

2020 жылдың 16 қазан 2020 19:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Даму» қоры Алматы қалалық филиалының директоры Светлана Назарюк онлайн брифинг барысында кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар әзірледі. Бұл – төтенше жағдай кезінде туындаған қиындықтарды шешуге көмектеседі.

«Бизнестің жол картасы – 2025 мемлекеттік бағдарламасына енгізілген түзетулерге сай, кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесін 6% -ға дейін төмендетуге және субсидиялауға жататын несие көлемін 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.Кәсіпкерлер бағдарламаға салалар бойынша шектеусіз қатыса алады «, – деді Светлана Назарюк.

Сонымен қатар, ол биылғы жылдың 9 айында жалпы сомасы 18 886 млн теңгеге 172 кепілдік берілгенін атап өтті.

«Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын жоспарлағанда, қаржыландыру мәселесі туындайды. Бұл мәселені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен біргіп шешуге болады. Біздің мамандар кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобасын бағдарламаға сәйкес,қаржыландыру бойынша көмектеседі.Сонымен қатар, қаржыландыратын ұйыммен байланыс орнатуға ықпал етеді»,– деді спикер.


Жоғары қарай