Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 16:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «World Business Consulting» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті істі қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.

«Қаржылық барлау мәліметтері бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және т.б. үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат салуды ұсынған. Бұл үлестес компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған», делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар шетелде жүріп, қазақстандықтармен бейнебайланыс арқылы онлайн кездесу өткізетіні, онда жаңа клиенттерді тарту мүмкіндігі, сондай-ақ олардың заңды қызметі туралы жалған ақпарат тарататынын анықтаған.

Агенттіктің мәлімдеуінше, тергеу мүддесіне орай өзге ақпараттар жарияланбайды.

Агенттік азаматтарға абай болуды және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауды, сондай-ақ WBC ұйымдастырушыларының жалған ақпаратына сенбеуді ескертеді.

«World Business Consulting» қызметіне тап болғандар, Алматы қаласы ЭТД телефонына хабарласы керек +7 775 923 40 90, +7 708 192 28 18. Басқа қалалардың тұрғындары агенттіктің аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жүгінуіне болады.


Жоғары қарай