Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандар сотталды

2021 жылдың 30 желтоқсан 2021 17:49

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда қаржылық пирамидаларға қатысты төрт қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаржылық пирамидалардың қылмыстық әрекеттерінен 500-ге жуық адам зардап шеккен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгені құрады.

«Олардың бірі – 33 жастағы А.Лим есімді азамат. Ол 2017 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың тамыз айына дейін алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында азаматтардан инвестиция (қаражат) тартып, «LS ins» ЖШС құрған. Азаматтар салған қаражатты толық көлемде және ешбір тәуекелсіз қайтаруға жалған кепілдік бере отырып, спорттық ойындардың нәтижелеріне ақша қою арқылы пайда көргісі келген. Көбірек баю мақсатында Л.есімді азамат инвестицияланған қаражат бойынша сыйақыны кез келген уақытта, әртүрлі тәсілдермен: картаға, банктік шотқа немесе кеңсеге аудару арқылы алуға болатынына «кепілдік берді». Алданған азаматтардың арыздары бойынша 188 қылмыстық іс тіркеліп, жалпы шығын 1 440 281 000 теңгені құрап отыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Алмалы аудандық сотының қаулысымен А.Лим 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сонымен қатар, Тергеу басқармасының өндірісінде Д.Алдабергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол әлеуметтік желі арқылы инвестициялық жобаның ашылғанын хабарлаған. Жобаның мәні букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ, әртүрлі бизнес жобаларға ставка жасау үшін салым салу арқылы қаражатты көбейту болды. Осылайша, салымшылар Д.Алдабергеноваға және басқа адамдарға 30% және 50% пайда алу үшін банк карточкалары арқылы ақша аударған, бірақ, қаражатты аударғандарымен кейін олар пайданы алмаған. Күдікті Алмалы аудандық сотының судьясымен алты жыл, сегіз айға бас бостандығынан айырылды», – деді Әбдірахманов.


Жоғары қарай