Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмекке әрекеттенген

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 12:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда белгісіз ер адам тапаншамен балабақша аумағына кірмекші болды, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

Алматыда қолында тапаншасы бар ер адам балабақша аумағына кірмекші болды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды»,- дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабабақшасында болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады»,- деп хабарлады полициядан.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай