Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 15:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда арнайы операция барысында полицейлер екі ер адамнан қару-жарақ тәркіледі. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комендатура мәліметінше, екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды.

Жалға алынған пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрондар, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, әскерилендірілген киімдер, ұялы телефондар мен киімдер табылып, тәркіленді.

Күдіктілер дүкен тонағандарын мойындады.

«Олар ұрлаған заттарды алып, қаладан кетуді жоспарлағандарын айтты. Ұсталғандардың кім екені және жаппай тәртіпсіздіктерге, заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр»,-деп хабарлады комендатурадан.








Жоғары қарай