Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда қариялардың зейнетақысы үйіне апарып берілетін болды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 20:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі карантин мезгілінде 70 жастан асқан қариялардың зейнетақысын үйіне дейін жеткізіп беретін болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесінің директоры Әлия Сүгірбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 70 жастан асқандарға зейнетақы үйіне дейін жеткізіледі.

«Әкімдікпен біріге отырып зейнеткерлерге зейнетақысын үйіне дейін жеткізіп беру мәселесі қарастырылып жатыр. «Қазпошта» 80 жастан асқан зейнеткерлерге де қызмет көрсетеді. Біз оларға былай де зейнетақысын жеткізіп беретінбіз. Енді біз 70 жастан асқан қарияларды да қосып жатырмыз. Біздің қызметкерлеріміз барлық қорғаныс құралдарымен жабдықталған», - деді ол.

Одан бөлек «Қазпошта» әкімдіктің карантин мезгілінде қалалықтарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысатын болады.

«Алматы әкімдігі ұйымдастырған әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдау жобасы аясында «Қазпошта» азық түлік пакеттерін логистикалық серіктестердің бірі болмақ. Қазір бөлімшеде курьерлер мен 70 көлік дайын», - деді Әлия Сүгірбаева.

Одан бөлек қауіпсіздік мақсатында адаммен байланыс тудырмай жеткізу тәсілдері қарастырылып жатыр.

Жоғары қарай