Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр

2020 жылдың 15 тамыз 2020 15:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника Алмалы ауданы Төле би көшесіндегі 98-үйдегі шақырту бойынша өртті сөндіріп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша жеке тұрған ғимараттың шатыры отқа оранған. Өрт гидранттары жіберіліп, гидранттарға автоцистерна орнатылды», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Газ түтіннен қорғау қызметі ғимарат ішінде адамның бар жоғын анықтау үшін барлау жүргізіп жатыр.

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы келгенше, ғимараттың артқы жағында орналасқан оттегі құятын стансада жарылыс болды. Соның салдарынан төбе жабындысы құлаған. Қазір қауіп сейілді. Қызыл жалынның таралуы тоқталып, сағат 15:47-те оқшауланды.











Жоғары қарай