Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда караоке мен банкет залдары жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін

2021 жылдың 20 сәуір 2021 18:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды. Егер Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садвакас Байғабулов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін атап өтті.

«Мамыр айында біз караокені, сондай-ақ толымдығы 50% -дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз»,-дейді ол


Жоғары қарай