Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда караоке клубта белгісіз біреулер бойжеткенді соққыға жықты

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Караоке-клубтардың бірінде алматылық қыз соққыға жығылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 11 қыркүйектен 12 қыркүйекке қараған түні мегаполистегі караоке-клубтардың бірінде болған. Бұл туралы таяқ жеген қыз әлеуметтік желіде айтып берді.

«Бір қыз менің құрбымның мұрнынан ұрды. Мен одан неге ұрғанын сұрау үшін қасына жақындадым. Ол бері бұрылып, мені де ұра бастады. Бізді оның жігіті ажыратты. Сол сәтте мен оны сүйіктісін ыныштандырып, мені одан құтқарғысы келген шығар деп ойладым. Бірақ ол мені қызымен бірге ұрып-соғып, тұншықтырды. Бұл уақытта қызметкерлердің ешқайсысы ажыратуға келмеді. Мен сол жерде өліп қала жаздадым», - деп жазады ол.

Кейіннен соққыға жығылған алматылық полицияға арыз түсірді.

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

«Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Алғашқы тергеу іс-шараларының кешені өткізілді, күдіктілерден жауап алынды. Қазіргі уақытта жәбірленуші алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына сай жүргізіледі»,-деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Заң,
Жоғары қарай