Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантин талаптарын бұзған ондаған мекеме анықталды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 23:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен аптада Алматыдағы мониторингілік топтар 1000-ға жуық мекемені тексерді, 124 нысанда бұзушылықтар анықталды, олардың жартысына жуығы демалыс күндері тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус өршіп тұрған кезде алматылықтар жүздеген қонақтармен үйлену тойларын өткізуді, мерекелерді атап өтуді және жасырын жұмыс істеп тұрған барларға жиналуды жалғастырып жатыр. Құқық бұзушылардың арасында Gastreat бары, «Ариал» гольф клубы, «Чечил паб», «Айва» мейрамханасы бар.

Тексеру кезінде 167 хаттама толтырылды. Заңды тұлғалар үшін жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге 26 хаттама жасалды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 141 хаттама толтырылды.

Мәселен, 11 тамызда кешкі сағат 17.00 шамасында Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылындағы «Ариал» гольф клубының аумағында 60 адамға арналған той өтті, оны тексерушілер тоқтатты.

Жиналғандарға мұндай шаралар коронавирустың таралу ошағына айналатынын еске салды, себебі шақырылғандар арасында симптомсыз келушілер болуы мүмкін.

Сол күні, шамамен сағат 22.40-та, Бостандық ауданының мониторинг тобы Гагарин көшесіндегі Gastreat лаундж-барында заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру кезінде онда 30 адам болған.

12 тамызда, сағат 21.47 шамасында, Әуезов ауданында «Фортуна» банкет залы жұмыс істеп тұрған, бұл жерде 100 адам болған үйлену тойы өтті.

Медеу ауданында 12 тамызда, сағат 23.22 шамасында Төлебаев көшесіндегі «Чечил пабында» 50 адам болған тәртіп бұзушылық тіркелді.

14 тамызда, сағат 20.30 шамасында Медеу ауданында Гоголь көшесіндегі «Айва» мейрамханасында заң бұзушылық тіркелді, онда 60 қонақпен үйлену тойы өтті.

Жиі тәртіп бұзатындар бойынша 75 материал сотқа берілді (462-баптың 3-бөлігі және 425-баптың 1-бөлігі бойынша), оның ішінде 65 материал мекемелердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау үшін пайдаланылды.

Мониторинг топ өкілдері Алматы тұрғындарын карантиндік шектеулерді сақтауды жалғастыруға шақырады.

Жаңа коронавирус инфекциясының вирусы одан әрі мутацияланатын болса, онда ол қайғылы жағдайға әкелетінін естен шығармаған жөн.

Одан қорғанудың жалғыз жолы – көпшіліктің вакциналануы.


Жоғары қарай