Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

2021 жылдың 17 маусым 2021 13:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 19 маусымнан бастап жаңа қаулы күшіне енетінін айтты. Құжатқа сәйкес, бизнеске бірқатар жеңілдік беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшинің айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды.

«Алматы 12 маусымнан бастап «жасыл» аймақта тұр. Айдың басынан бері коронавирустың таралуы 2 есе азайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 112 жағдайы тіркелді, ал тәуліктік өсім 0,1 пайызға төмендеді. Алматы қаласында эпидемия басталғалы коронавирустың 71 820 жағдайы, ал осы жылдың басында 53 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ал қазір жағдай оңалған, аурудың таралуы айтарлықтай бәсеңдеген. Халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу динамикасы тұрақты, соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Алматы «жасыл» аймақта жеті күн тұрса, онда карантин шаралары жеңілдетілетінін мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жеңілдету тәртібі туралы қаулы дайындалды. Матрицаның «жасыл аймаққа» өткенен кейін жеті күн өткен соң, яғни 19 маусымнан бастап жеңілдейді», - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, 12 маусымнан бастап Алматы «жасыл» аймақта.


Жоғары қарай