Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантин талабын бұзған түнгі клуб әшкереленді

2020 жылдың 17 қазан 2020 13:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантин талаптарын бұзған түнгі клуб басшылығы жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторинг тобы түнгі клубқа түнгі 01:40-та ескертусіз тексеру жүргізді.

Олар келгенде клубта адам көп болған.

«Клуб басшылығы бұл әрекетіне дұрыс түсініктеме бере алмады. Жиналған материал әкімшілік өндіріс үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөліміне жіберілді. Сонымен қатар, осы түні арнайы мониторинг тобы тағы біраз нысанды аралады. Негізінен, адам көп шоғырланған тамақтану орындары тексерілді», - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Түнгі рейдке әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Жетісу аудандық ПБ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары шыққан.


Жоғары қарай