Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантин аймағының периметрінде 30 айналма жол жабылды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы карантин аймағының периметріндегі 30 айналма жолды жапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладан кіру-шығу үшін айналма жолдарды белгілеу мақсатында жедел қызмет және Алматы қаласының патрульдік полиция күштері Алматы облысымен шекаралас аудандарға сараптама жасады.

«Сараптама барысында 30 айналма жол бары анықталды. Бұл жолдардың барлығы жабылды, бетон блок орнатылды. Алатау ауданында - 15, Жетісу ауданында - 7, Медеу ауданында - 1, Наурызбай ауданында - 4 және Түрксіб ауданында - 3 жолда Ұлттық ұлан сарбаздарынан жасақ қойылды. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, карантин аймағына кіру үшін заңсыз әрекеттерге баратын адамдар баршылық. Олар бұл шаралардың, ең алдымен, өздерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне бағытталғанын түсінбейтін сияқты. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚбК 476-бабы (төтенше жағдай ережелерін бұзу) бойынша 47 әкімшілік материал қаралды, нәтижесінде 11 адам әкімшілік қамауға алынды, 36 адамға айыппұл салынды», - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Бақылау-өткізу пунктінің жазбасына сәйкес, бір күнде қалаға 1 473 автокөлік кірді, оның 484-і - жеңіл көлік болса, 985 -і - жүк көлігі, оның ішінде 1 443 адам болды.

Бір күнде қаладан 1 653 автокөлік шықты, оның 544-і - жеңіл көлік, ал 1104-і - жүк көлігі, олардың ішінде 1 050 адам болды.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Карантин,
Жоғары қарай