Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда қанша жанармай құю станциясы жұмыс істеп тұр

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 14:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабы Алматыда қанша жанармай құю станциясы (ЖМҚС) істеп тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Штабтың дерегіне сәйкес, 12 қаңтар күніне қалада 220 жанармай құю станциясының 127-сі жұмыс істеп тұр.

Олар:

«Синойл» - 22, барлығы жұмыс істейді (14 жай зақымданды, қалпына келтірілді, жұмыс істеп тұр);

«Гелиос» - 47, 31-жұмыс істейді, 9- жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосу жоспарланды, 7-қатты зақымданды (40 күн ішінде іске қосылады);

«ПетролАзия» - 30, 22-жұмыс істейді, 7- жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосылады), 1-қатты зақымданды (өртенген, 90 күн ішінде іске қосылады);

«ГазПромНефть» - 27, 17-жұмыс істейді, 8- жай зақымданған (2 апта ішінде іске қосылады), 2-қатты зақымданған (60 күн ішінде іске қосылады);

«ҚМГ» - 27, 20-жұмыс істейді, 7- жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосылады);

«Royal Petrol» - 34, 15-жұмыс істейді, 18-жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосылады), 1-қатты зақымданды (өртенген, 90 күн ішінде іске қосылады).

«13 қаңтардан бастап қосымша желілік емес 33 жеке жанармай станциясын ашу жоспарланып отыр. 74 ЖМҚС нысаны зардап шекті»,- деп мәлім етті штабтан.


Жоғары қарай