Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қандай нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 12:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында бірқатар нысандар мен кәсіпорындарға жұмыс істеуіне рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ойын-сауық шараларын, спорт, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, конференциялар, көрмелер, форумдарға да рұқсат жоқ. Караоке, қорқор, бильярд орындары, компьютер клубы, букмекерлік кеңсе, түнгі клубтар, боулинг орталық, аттракциондар, фудкорттар, кинотеатрлар және ересектер мен балаларға арналған көңіл көтеру орындары да жұмыс істемейді. Мұражайлар, діни нысандар, сонымен бірге, қалалық және қоғамдық жағажайлардың бассейндері, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынған»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол жұмысына тыйым салынған нысандар қатаң бақылауда болатынын атап өтті.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Карантин, Алматы,
Жоғары қарай