Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда қала маңына қатынайтын автобустар жолға шықты

2020 жылдың 1 маусым 2020 11:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы аудандарға қатынайтын автобустар жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты Алматы шекарасындағы блокпостар ашылды. Сондықтан, жолаушылар тасымалы бұрынғы жұмыс режиміне көшеді. Жұмыс уақыты кешкі 21:00-де аяқталады»,— деп мәлімдеді «Алматыэлектротранс» АҚ.

Атап айтқанда, Қаскелең, Жандосов, Талғар, Алма арасан шатқалына шығатын 202, 212, 209, 210 автобустар жұмысын қайта бастайды.

Айта кету керек, Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы блокпостар ашылған болатын.

Қалалық ПД блокпостарда 2,5 ай бойы қызмет еткен полиция қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай