Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда IT және креативті хаб салынып жатыр

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 17:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Алмалы ауданында IT және креативті хаб құрылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық технология мен креативті индустрияға басымдық бере отырып, қала экономикасында «құрылымдық маневрді» дамыту үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырмақпыз. Бұған жеке капитал да қатыстырылады. Бүгін Алмалы ауданында ІТ және креативті хаб жобасының іске асырылу барысымен таныстым. Инвестор Жамбыл Ревшанов технологиялық креативті компаниялар үшін ауданы 9 мың және 4 мың шаршы метр ONE Academie Informatique білім орталығы үшін кеңсе кеңістігінің құрылысын жүргізуде»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.




Білім орталығының жобасы француз бағдарламашысы, педагог Николя Садирак және 01 educational platform-мен ынтымақтастықта жүзеге асады.

«Оның бірегейлігі сол, бағдарламалау, деректерді талдау, машиналық оқыту алгоритмдері, киберқауіпсіздік, қосымшаларды әзірлеу оқытушысыз және дәріссіз жүргізіледі. Жасөспірімдер практикалық мәселелерді шешумен қатар, IT негіздерін өздігінен үйреніп, бұл салаға енді келгендерге көмектеседі. 1,5-2 жылдың ішінде 18-42 жас аралығындағы 800-ге жуық маман даярлау жоспарланып отыр» деп атап өтті қала басшысы.








Жоғары қарай