Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккен бір адамның жағдайы ауыр

2022 жылдың 20 мамыр 2022 16:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ірі көлік апатының салдарынан ауруханаға түскен 4 адамның біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы орталық қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Марат Алматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, орталық қалалық клиникалық ауруханаға 20 жастағы төрт жігіт жеткізілді. Біреуі амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді. Екеуі ауруханада жатыр.

«Науқастардың бірі тексеріліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Екеуінің миы шайқалып, денелері көгерген. Жағдайлары тұрақты, палатада жатыр. Бір адам, өкінішке орай, жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр, тұрақты емес, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды», - дейді Орталық қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов

Науқастар барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.

Еске салайық, 19 мамырда түнгі уақытта әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілген еді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Жол,
Жоғары қарай