Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтады

2020 жылдың 30 наурыз 2020 21:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында халықаралық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаулысына сәйкес, 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдайтын халықаралық әуе рейстері тоқтайды.

Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалып отыр.

«Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қабылдады. Оның орындалуын бақылау көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлерге жүктеледі. Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Енді халықаралық жолаушы рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады.

Айта кету керек, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның шешімімен қалада қосымша шектеулер қойылып жатыр. Алматыда карантин режімі күшейді.


Жоғары қарай