Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда есірткі шеккен адам учаскелік полицияға оқ атты

2020 жылдың 4 тамыз 2020 15:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі қабылдаған ер адам полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД хабарлауынша, 102 пультіне әйел адам хабарласып, күйеуі отбасылық дау-жанжалдан соң өзіне өзі қол салмақ болғанын айтты.

Жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов бірінші болып оқиға орнына барған. Үйдің ауласына жеткенде екінші қабатта оқ атылғаны естілген.




Полиция қызметкері оқтан жалтарып үлгерді.

«37 жастағы жігітті полицияның арнайы бөлім қызметшілері ұстады. Қолындағы қару өзінің атына тіркелген болып шықты. Белгілі болғандай, ол есірткі қабылдаған. Қазір күдікті Алмалы аудандық ПБ жеткізілді», - деді ол.


























Жоғары қарай