Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Алматыда есірткі саудалаушы ұсталды

2020 жылдың 13 ақпан 2020 20:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі саудалаумен айналысқан 39 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткіге қарсы күрес өкілдері бірнеше айдан бері әйел адамның қылмыстық қызметі туралы дәлел жинаған.

Алматы тұрғыны есірткіні алып, қажетті орындарға жеткізіп отырған. Қылмыскер төлемді қолма-қол ақшасыз, алдын ала алып отырғаны белгілі болды.

«Күдіктінің пәтерін тінту барысында «пирролидиновалерофенон» психотропты заты мен есірткі құралдары - «гашиш» пен «марихуана» табылды. Мамандар сараптау жүргізіп жатыр», - деп атап өтті Алматы қаласы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚК 297 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Жоғары қарай