Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда ертең төтенше жағдай режимі толық аяқталады

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 19:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ертең төтенше жағдай режимі толық аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы комендатурасы 19.01.2022 жылы сағат 00:00-де Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың аяқталатынын мәлім етті.

Алайда Алматы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады.

«Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық полиция департаменті, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғасады.Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады»,- делінген хабарламада.

Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі әлі белгісіз.

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.


Жоғары қарай