Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда ер адамнан қару-жарақ тәркіленді

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 21:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда дүкен тонағандарды ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері мегаполисте тонау фактісіне қатысы бар деген күдікпен бір ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері үйді аралау барысында 42 жастағы К.есімді азаматты ұстады. «Самғау» шағын ауданындағы тұрғын үйді тексеру кезінде «Volkswagen» автокөлігінен тонау кезінде ұрланған тауарлар табылып, тәркіленді.

«МЦ 106, К-12 маркалы тегіс ұңғылы мылтық; 5 қалта пневматикалық патрон; 5 оптикалық көздеуіш; бір оқ өткізбейтін киім; сапер күрегі мен 6 әскери шалбар белбеуі – қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрланған. Құрылыс маркетінен күдікті 3 шөп шабатын құрал; сорғылар, құрылыс кептіргіші, май батареялары және басқа да құрылыс жабдықтарын алып кеткен»,- деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша Алмалы және Әуезов аудандарының полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жоғары қарай