Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ер адам дезинфекция жасап жүрген жұмысшыға пышақ ала жүгірген

2020 жылдың 17 мамыр 2020 21:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дезинфекцияшыға шабуыл жасаған мас ер адамға қатысты полиция түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда мас адам «Премьера» тұрғын үй кешенінде дезинфекция жасап жүрген жұмысшыны пышақпен қуып жүр делінген.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт кеше күндіз Наурызбай ауданының аумағында орын алған.

«Белгілі болғандай, жанжал дезинфекция қызметінің жұмысшысы мен осы шағынаудан тұрғынының арасында туындаған. Ер адам мас болған. Бұл факті бойынша «102» пультіне хабарлама түскен жоқ. Біз оны әлеуметтік желілерден білдік. Қазір екі тарапта анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дезинфекцияшы оның үстінен арыз түсірген жоқ. Сондай-ақ, оның қолында пышақ болғанын растамады», - дейді полиция өкілі.

Полицияның мәліметінше, ішімдік ішкен адамның үстінен пәтер иелері кооперативі төрағасы шағым түсірді.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама жасадық. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», - деп толықтырды ведомстводан.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай