Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды ма

2021 жылдың 21 қазан 2021 13:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 309 адам вирус жұқтырды. Дельта штамы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір - тәулігіне 300-350. Коронавирустың таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр»,- дейді ол.

Спикердің айтуынша, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге азайды.

«Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші - 54 пайыз. Қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі - 20-39 жастағылар»,- деді Жандарбек Бекшин брифингте.


Жоғары қарай