Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті– Жандарбек Бекшин

2020 жылдың 20 қазан 2020 11:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейіп келеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазан айында Алматыда коронавирус инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осы апта ішінде оқшаулану 10-12 жағдайға дейін өсу байқалады. Тек өткен тәулік ішінде 12 жағдай тіркелді, 10 жергілікті және 2 жағдай Египеттен келген туристерден анықталды «, - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол этиологиясы анықталмаған пневмонияның 4 жағдайы тіркелгенін атап өтті.

«Қазір күн сайынғы өсім 0,5%, репродуктивті коэффициент 1,06%. Егер индекс мәні 1-ден көп болса, бұл эпидемияның өсіп келе жатқандығын білдіреді»,– деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.


Жоғары қарай