Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

2021 жылдың 24 қараша 2021 20:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» телеарнасының Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанына қарамастан COVID-19 вакцинасын кейінге қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, екпе алған миллионнан астам алматылықтардың белсенділігі арқасында коронавирусты жұқтыру тізбегінің көпшілігін үзіп, аурудың таралу қарқынын төмендетуге қолжетті.

Олардың ішінде 24 654 құқық қорғау органдарының қызметкері, 35 469 (100%) педагог, 38 935 (100%) медицина мамандары бар.

Сонымен қатар, ол пандемия әлі аяқталмағандықтан, вакциналану қарқынын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Алматылық эпидемиологтардың, вирусологтардың, дәрігерлердің және медперсоналдың арқасында Алматыда дерт төмендеді. Сондықтан қаланың әрбір тұрғыны вакциналану арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектесуі тиіс. Тек өткен тәулікте 2 100-ден астам қала тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алды.Қараша айының ортасынан бастап КВИ вакцинасын алуға бұрын екпе алмағандар белсенді түрде қосылды. Бүгінде Pfizer препаратымен 8 496 адам вакциналанды, оның ішінде жүкті әйелдер – 529, бала емізетін аналар – 2 026 және балалар – 5 941»,- деді Алматы әкімі.

Тікелей эфир барысында Бақытжан Сағынтаев ревакцинацияны бірінші кезеңде кімдер алатынын айтты.

«Қалада 22 қарашадан бастап ревакцинациядан өтуге болады Әзірге КВИ вакцинасының үшінші дозасын медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, 60 жастан асқан адамдар алады.

Бүгінгі күні барлығы 315 адам ревакциналанды. Қазіргі кезде инактивирленген: QazVac (РК), Vero Сell (КНР) вакциналарын алуға болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. Қалған алматылықтар үшін ревакцинацияның екінші кезеңі 2022 жылдың қаңтарынан басталады», - дейді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Медицина,
Жоғары қарай