Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына басшы тағайындалды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 19:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Евгений Пак тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Евгений Пак 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Бірнеше жоғары білімі бар.

Энергетика саласындағы еңбек жолын «KEGOK» АҚ энергетикалық нарығының автоматтандырылған жүйелер қызметінің бас маманы болып бастады.

Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бастығының орынбасары болды.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматыжылужайэнерго» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Тағайындау,
Жоғары қарай