Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда екі жаңа Оқушылар сарайы салынып жатыр

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 17:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алатау және Наурызбай аудандарында Оқушылар сарайлары салынып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хаарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, Алматыда мектептен тыс тегін білім берумен қамту әлі де төмен.

«Аталған мәселені шешу үшін Алатау және Наурызбай аудандарында екі жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Әрқайсысының қуаты – 675 адам. Бұл нысандар қосымша білім беру және балалардың бос уақытын өткізу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, ол балабақшалар мен мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешу жұмыстары белсенді жүріп жатқанын жеткізді. Биыл бюджет есебінен Наурызбай ауданының «Қалқаман-2», Алатау ауданының «Нұркент», «Мәдениет» және «Дархан», Түрксіб ауданының «Қайрат» шағын аудандарында бес мектептің, сондай-ақ №9, 48, 191 үш мектепке қосалқы ғимарат салынады.

«Саялы» және «Зерделі» шағын аудандарында барлығы 1100 оқушыға арналған екі мектеп, сондай-ақ қаланың алты мектебіне қосалқы құрылыс салу жоспарланған - №59, 112, 148, 103, 65, 97.

«Мектепке дейінгі білім беру нысандары бойынша Наурызбай, Алатау, Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында тоғыз балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстары жүргізілуде. 5 жылға дейінгі кезеңде мектептер мен балабақшалардағы тапшылықты жою жоспарлануда», - деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ ол Алатау ауданында 14 кортқа арналған теннис орталығының құрылысы аяқталып қалғанын жеткізді.

«Алатау ауданында 14 кортқа арналған теннис орталығының құрылысы аяқталуда. Бірінші жартыжылдықта Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында үш денешынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылады. Оларға бару барлық жас санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болады. Денешынықтыру-сауықтыру кешендерінде санатына қарай әмбебап спорт залдары, бассейндер, тренажер залдары, күштік дайындық, бокс және хореография залдары, үстел теннисіне арналған залдар және шахмат клубы болады», - деді спикер.

Айта кетейік, Наурызбай, Әуезов, Алмалы және Түрксіб аудандарында тағы жеті денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы әзірленіп жатыр. Олардың құрылысы жыл соңында басталады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс, Білім,
Жоғары қарай