Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматыда екі мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 12:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2019 жылы екі мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының мәліметінше, өткен жылы қалада 4489 көлік апаты тіркеген. Оның салдарынан 161 адам мерт болып, 5308 адам түрлі дене жарақатын алған.

Сонымен қатар, жол жүру ережесін бұзған 967 869 көлік иелеріне 6,2 млрд теңгеге айыппұл салынды.

«Жалпы 452 638 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 855 жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ұсталды. Соттың шешімімен 4 978 жүргізуші көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. 71 жүргізуші қамауға алынды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азайту мақсатында қаланың апатты учаскелеріне полиция қызметкерлерінің жарқылдайтын маяктары, сондай-ақ жолдан өтіп бара жатқан балалардың макеті қойылды, - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Бұдан бөлек «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйенің көмегімен 500 мыңнан астам бұзушылық анықталып, 3,6 млрд теңге айыппұл салынды.


Жоғары қарай