Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда екі дәмхана иесі лас суды Үлкен Алматы өзеніне ағызып отырған

2019 жылдың 9 қазан 2019 17:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы қаладағы нысандарға тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Прокуратураның баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Тексеруге Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, Экология департаменті, Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Жасыл экономика басқармасының экология бөлімі, Жергілікті полиция қызметі мамандарынан тұратын арнайы топ құрылды.

Рейд барысында су объектілерін ластау, су қорғау аймағының режимін бұзу, өзен арнасының жағалауын ластау деректері анықталды.

Іле-Алатау мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында 2 дәмхана иелері лас суды «Үлкен Алматы» өзеніне ағызу үшін заңсыз құбыр орнатқан.

Медеу ауданында - 2, Алатау және Түрксіб аудандарының әрқайсысында 6 тұрғын үй иесі лас суды өзен немесе арық бойына ағызып жіберіп отырған.

«Үлкен Алматы», «Ащыбұлақ», «Қарғалы» және «Тереңқара» су объектілерінен алынған сынамалар бойынша жүргізілген микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеулер, су құрамының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сай келмейтінін көрсетті.

Заңға қайшы әрекеттері үшін кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту жұмыстары басталды.

Сонымен қатар өзен жағалауын қоқыс-қалдықтармен ластаған жекеменшік үй иелеріне қатысты 40-тан астам әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Жоғары қарай