Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда екі адам есірткімен ұсталды

2021 жылдың 20 қазан 2021 11:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда екі ер адамнан есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, М.Әуезов ауданының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері 32 жастағы Алматы тұрғынынан психотроптық заттар салынған сегіз ораманы тәркіледі. Ұсталған адам бумаларды тауып алғанын және оларды өзіне қалдырмақ болғанын айтып ақталған.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 1995 жылы туған тағы бір жергілікті тұрғынды 31 бума синтетикалық есірткі – «Мефедронмен» ұстады. Оның айтуынша, синтетикалық есірткіні өзі қолданады.

«Тексеру кезінде синтетикалық есірткі тәркіленді. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Психотроптық заттарды аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау) бойынша тіркелді, ал, бұл үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», – деп түсіндірді М.Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. Күдіктілерге қатысты ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Олар Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жоғары қарай