Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаған ер адам ұсталды

2022 жылдың 14 мамыр 2022 14:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер 30-дан астам егде жастағы әйелді тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1984 жылы туған К. есімді күдіктіні Алмалы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстады.

«Қаланың Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарының аумағында оның 30-ға жуық қылмысы тіркелді. Ол өзіне тек зейнет жасындағы құрбандарды іздеген. Қолында ауыр сөмкесі бар егде жастағы адамдарға әдепті, тәрбиелі адам сияқты көрінген ол, әжелермен әңгімелесіп, сөмкелерін пәтерге дейін жеткізіп беруді ұсынып, артынша ақша, әмиян, ұялы телефондарын ұрлап жүрген»

, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.



Еске сала кетсек, екі жігіт Алматы зообағындағы жолбарысты ызаландырды.


Жоғары қарай