Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары неге жұмыс істемейді

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 21:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы телеарнасындағы тікелей эфирде қалада сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері неге ашылмай тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бизнесмендердің алаңдаушылығын түсініп отырмын. Алайда төтенше жағдай болған кезді еске түсірсек, біз карантиннен кейін аштық, бірақ 1 айдан соң барлығы қайта жабылды. Әрине, олар шығынға батқан соң тезірек ашылғысы келеді. Алайда, қазір ашып алып, қайта жабылсақ, оның қажеті қанша? Халық тағы жұмысынан айрылады. Табыстан қағылады. Әзірше жағдай тұрақталғанша күте тұрамыз. Қазір сауда орындары аптасына 5 күн жұмыс істеп тұр. Олардың тезірек ашылғанына біз де мүдделіміз», - деді әкім.

Оның айтуынша, сауда және ойын-сауық орталықтары келушілердің санитарлық қауіпсіздігін сақтау шараларын түгел қамтамасыз етіп отыр.

«Белгілі бір тетіктермен қауіп сейілгеніне көз жеткізсек, әкімдік, әлбетте осы қадамға барады. Мемлекеттік комиссияға ұнысыс береміз. Осы және келесі жұма бақылап көреміз. Алайда демалыс күндері адам көп шоғырланатынын естен шығармайық», - деді әкім.

Айта кету керек, Алматы қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, қалада демалыс күндері сауда, ойын-сауық орталықтары, демалыс орындары жабық тұрады.

Алматы әкімі карантин уақытында осымен 7-ші рет тікелей эфирде халықтың сауалына жауап беріп отыр.


Жоғары қарай